"Жеңілдетілген автонесиеге іліндіріп беремін". Топ адамды алдаған алаяқтың суреті жарияланды

Сурет: polisia.kz
Алаяқ алматылықтарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша автоорталықтан көлік алып беруге уәде еткен. Бұл алаяқтық тізбегін 29 жастағы М. есімді азамат ойлап тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Күдікті бірнеше ай бойы аңғал азаматтарды алдап келген. Оларға автоорталықтан кезексіз, жедел түрде және жеңілдетілген несиеге жаңа көлік алуға көмектесуге уәде еткен. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас төрт алдау дерегіне қатыстылығы дәлелденді. Осынша адам полицияға арызданды. Олар келтірілген материалдық шығынды 3 млн теңгеге бағалаған. Алаяқтық дерегіне сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Полицейлер алданған адамдардың бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. 

Сондықтан тәртіп сақшылары осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-707-447-07-50 және 8-747-699-70-02.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды