Ақпанда Астана мен Челябинск арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Сурет: pixabay
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп Астана – Челябинск бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Qazaq Air қазақстандық авиакомпаниясы осы жылдың 13 ақпанынан бастап De – Havilland Dash 8-Q400 әуе кемелерінде Астана - Челябинск бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр".ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті
Ұшақ аптасына 3 рейс жиілігімен қатынайды.

Комитет өкілдері Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстердің ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Билеттерді авиакомпанияның ресми сайтында алуға болады.

30 қаңтар күні ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 25 наурыздан бастап Астана мен Бейжің арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта жанданатынын хабарлады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды