Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша бөлінбейді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кулуарда 18 жасқа толмаған балалар азаматтығын ауыстырса, Ұлттық қордан қаражат алмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, жыл соңында Ұлттық қордың табыстылығы теріс болды. Мұндай жағдайда проблеманы болдырмау үшін 18 жылдағы орташа жылдық табыс алынады. Ал ол әрдайым оң болып келді.

"Балалардың 18 жасқа толған кезде алатын табысына салық салу жоспарланған жоқ. Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты алмайды, басқа балаларға бөлінеді. Бұған дейін елімізде 6,5 миллион бала бар екенін айттым.  Бала шетелге кете алады, егер ол азаматтығын ауыстырмаса, онда ақшасы өзінде қалады. Сондай-ақ, егер ол 18 жаста әлі Қазақстан Республикасының азаматы болса, ақшаға ие бола алады". Әлібек Қуантыров

2022 жылғы 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына аударуды ұсынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды