Қызылорда облысының тұрғындары екі қой ұрлап, оны сойып алған

Cурет: видео скрині
Қызылорда облысының екі тұрғыны қой ұрлап, оны сойып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылының тұрғыны үй ауласындағы мал қорасының ішінен екі қойы ұрланғаны жөнінде полицияға арызданған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен жедел-тергеу тобы жіберіліп, күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде сол ауылдың 25-26 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың  ұрланған малды сойып үлгерген. Айғақты заттар алынды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 3-тармағымен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды