Қазақстанда пияз неге қымбаттады

Сурет: pixabay
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баспасөз мәслихатында пияз бағасы неге өсіп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, ірі сауда желілерінде пияздың бағасы келісіне 400 теңгемен сатылып жатыр.

"Бұл дүрлігуге байланысты болды". Ербол Қарашөкеев

Ол өткен жылы 1,5 миллион тонна пияз жиналса, оның 1,1 миллионы тек Жамбыл облысында жиналғанын нақтылады.

"Бірақ көршілерімізде қолайсыз жағдай болғанына байланысты - мысалы, Өзбекстанда қатты аяз болды: пиязға сұраныс күрт өсіп, оны шығара бастады. Бір апта бұрын біз пиязды экспорттауға тыйым салдық, пияз бағасына қатысты жағдай тұрақтанады». Ербол Қарашөкеев

Бұл ретте ол Жамбыл облысында 100 мың тоннаға жуық пияз бар екенін айтты. Бұл көлем, оның айтуынша, келесі жиым-терімге дейін ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді.




Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды