Қазақстан Республикасы президентінің бірнеше қаладағы резиденциялары балаларға берілетін болды

Сурет: unsplash
Ақтау мен Ақтөбеде мемлекет басшысының резиденциялары балалардың игілігіне беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Резиденцияны беру туралы ақпаратты екі қаланың әкімдігі растады. Алайда әзірге қала әкімдіктері онда қандай ұйымдар орналастыратынын шешпеген.

"Мүмкін лагерь, мүмкін емдеу орталығы, оңалту орталығы немесе балабақша болуы мүмкін. Енді оны мемлекеттік органдармен келісіп, заңды түрде ресімдеу керек. Беруіміз керек, бірақ жай ғана бере алмаймыз, оны жабдықтауымыз керек", – деді 24.kz тілшісіне Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаев.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінен "жұмыс басталып жатыр, анық-қанығын кейінірек айтамыз" деп қысқаша жазап берді, деп жазды InAktau.



Ақтөбе
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды