Электронды темекінің ірі партиясын шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар құрықталды

Сурет: Zakon.kz
ҚР ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізудің кезекті фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының "Қарасу" автомобильдік өткізу пунктінде құны 370 млн теңгеден астам сомаға бағаланған электрондық темекінің ірі партиясын ілеспе құжаттарсыз алып өтпек болған шетелдік азаматтардың әрекетін тоқтатты.

Сондай-ақ Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Ыстамбұл – Алматы" халықаралық рейсінде ілеспе құжаттарсыз сомасы шамамен 10 млн теңге тұратын алтыннан жасалған бұйымдарды әкелуге тырысқан ҚР азаматы ұсталды.


"Ұсталған азаматтар одан әрі қарастыру үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды