Алматы облысында жол апатынан полицей мерт болды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында жол апатынан еңбек демалысында жүрген полицей қаза болды, - деп хабарлайды Zakon.kz.
7 ақпан күні Lada Priora автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Сарыбастау - Үлгілі автожолының 10-шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Үшқоңыр ауылының 22 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан Ladа-мен соқтығысқан.

Алған жарақаттарынан екі жүргізуші де оқиға орнында мерт болды. Ladа көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Қарасай ауданы полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол кезекті еңбек демалысында болған.
"Дерек бойынша Жамбыл ауданы полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды", - деп хабарлады ІІМ.
Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды