Өскемендегі 12 мектепке "жарылғыш зат қойылғаны" хабарланған

Сурет: pixabay
10 ақпанда сағат 12-30-да полицияға Өскемендегі 12 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі нақтылап өткендей, нысандарды қарап, тексеру кезінде қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ

Қызметкерлер мен оқушылар эвакуацияланды.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта бомба туралы жалған хабар берген адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде", делінген хабарламада.

Бұл - осы апта ішінде мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскен үшінші жағдай.

Полиция департаменті мұндай қылмыстық іске қатысты 5 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылатынын ескертеді.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды