Павлодарлық жігіт "пәтер алып беремін" деп, әпкелерінен 7 млн теңге қағып алған

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Павлодарлық жас "кезектен тыс пәтер алып бере аламын" деп туыстарын алдап, олардың 7 млн теңгесін иеленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың қаңтар айында туысымен сөйлескен 27 жастағы павлодарлық "әкімдік арқылы тұрғын үй мәселесін шеше алатынын", кезектен тыс баспана сатып алуға көмектесе алатынын айтқан. Туысқан әпкелері ақшаны депозиттерінен шешіп алып, жетпеген соманы қарызға алған. Оған қоса алтын бұйымдарын да ломбардқа өткізген.

"Олардың бірі күдіктіге 2,5 млн теңге, екіншісі 4,5 млн теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін, ер адам уақытты соза түсу үшін әртүрлі сылтаулар ойлап таба бастайды. 6 айдан кейін ол туысының біріне 250 мың теңге қайтарып береді. Қалған ақшаны ол өз қажеттіліктеріне жұмсаған".

Біраз уақыттан кейін туыстары алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді.

ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды