Алматы облысында төрт адам 50 жастағы әйелді өлтірмек болған

Cурет: polisia.kz
Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар 21, 23, 24 жастағы төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар төрт күдікті ұсталды 9 ақпан таңертең Шонжы ауылының аудандық ауруханасына 50 жастағы А. есімді азаматша бас жарақатымен жеткізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматыда тұратын 1999, 2001 және 2000 жылғы төрт күдікті ұсталды.

"Тергеу барысында 9 ақпан сағат 04:00 шамасында белгісіз адамдар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, А. есімді азаматшаның бас аймағына дене жарақатын салғаны анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр".Ішкі істер министрлігінің Telegram-каналы

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша Ұйғыр аудандық полиция бөлімінде тіркелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды