Ақмола полицейлері жақында ғана инсульт алып, жолда өзін нашар сезінген жүргізушіге көмектесті

Сурет: Zakon.kz
Ақмола полицейлері жолда өзін кенеттен нашар сезінген автокөліктің жүргізушісін шұғыл ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 15 ақпанда Көкшетау - Рузаевка автожолының 48 шақырымында болған. Облыстық патрульдік полиция батальонының 5-взводының инспекторлары осы аймақты күзетіп жүрген.

Ер адам Антоновка ауылынан Көкшетауға, үйіне бара жатқанда өзін кенеттен нашар сезінген. Ол жақында ғана инсульт алған екен, сондықтан шұғыл медициналық көмек қажет болған.

Полицейлер жүргізушіні жолаушылар орынына ауыстырып, ал рөлге көліктің жолаушысын отырғызып, арнайы сигналды қосып, автокөлікті Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізген.

Ал ауруханада пациентке медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер күтіп тұрған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды