Жамбыл облысында қарақшылық шабуылға ұшыраған екеу 900 мың теңгесінен айырылған

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында полицейлер қарақшылық шабуыл жасағандарды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл аудандық ПБ-ға қарақшылық шабуыл дерегі бойынша Тараздың 27 және 37 жастағы тұрғындары шағым түсірген. Олардың айтуынша, Тараз-Қаратау тас жолында нөмірлері жоқ Lada Priora автокөлігімен үш белгісіз адам пышақ тәрізді затты қолдану арқылы күш көрсетiп, өздерінің 900 мың теңге ақшаларын иеленген.


"21, 22 және 24 жастағы күдіктілер ұсталды. Тінту барысында олардан 794 мың теңге алынды. Күдіктілердің айтуынша, олар шабуылды алдын ала жоспарлаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігімен "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды". Жамбыл облысы ПД


Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды