Алматыда "Үш қоңыр" және "Весновка" ТКШ-ны салған компания өкілдері ұсталды

Сурет: freepik
Алматы қалалық полициясы "Lider Group Consalt" ЖШС директорлары мен бірқатар лауазымды тұлғаларын 2 ай мерзімге қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, яғни "Алаяқтық" бойынша "Үш қоңыр" және "Весновка" тұрғын-үй кешендері үлескерлерінің ұжымдық арызы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының "Lider Group Consalt" ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады.

Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және аталған жайт прокуратураның бақылауында.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды