Сайлау күні қосымша полиция күштері жұмылдырылады

Сурет: Zakon.kz
Үкімет кулуарында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні қосымша полиция күштері жұмылдырылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда 10 мыңға жуық сайлау учаскесі құрылды. Оларды полиция күзетеді.

"Бізде 10 мың сайлау учаскесі бар. Біз оларды күзетуге міндеттіміз, сондықтан қосымша күштер тартылады. Ол жерге сайлау бюллетеньдері әкелінген кезде олар тәулік бойы күзетіледі, бұған қоса қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің патрульдер нақ сол учаскелерге жақын маңдағы шеңберді назарда ұстайды. Негізінде, байқамаған боларсыз, күн сайын жалпы саны 12 мың адам болатын патрульдер ауысыммен шығып, сіздің тыныштығыңыз бен қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді".Марат Ахметжанов

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды