Ақтөбе облысында бірнеше үйді су алды

Сурет: видеодан алынды
Сынап бағанының күрт көтерілуіне және жауын-шашынға байланысты Ақтөбе облысының бірқатар аудандарында қызыл су елдімекендерге жақындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, 13 наурызда даладағы еріген судың салдарынан Қобда ауылында бірнеше үйді, Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты мен кафені су басты.

"Суды ағызу үшін жедел штаб аудан орталығы арқылы өтетін Самара-Шымкент тас жолында канал қазу туралы шешім қабылдады. Барлық көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды.Халыққа және ТЖД-нің қызметкерлеріне көмек көрсету үшін облыстық ПД-нің жиынтық жасағының қызметкерлері Қобда ауданының аумағына жіберілді".

Полицейлер су басқан үйлердің тұрғындарын және мал-мүлкін эвакуациялап, жол бойына құм төсеумен, құм дорбаларын дайындаумен айналысады. Сонымен қатар полиция ауыл тұрғындарының мүлкі сақталуын қадағалайды.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды