Желідегі жаппай жол апатының видеосы. Полиция түсінік берді

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Әлеуметтік желіде жаппай жол апатының видеосы тарады. Бұған қатысты полиция түсінік беріп, аталған жол апатының 16 наурызда СҚО-да Челябі-Новосібір тас жолы бойында орын алғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның нақтылауынша, 16 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында Челябі-Новосібір автожолының 609 шақырымында Volkswagen Caravelle, Lada Granta мен жолды қардан тазартып жүрген Урал арнайы техникасы соқтығысып қалды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті: Урал, Volkswagen Caravelle көліктерінің жүргізушілері және Volkswagen Caravelle, Lada Granta-ның жолаушылары. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді". СҚО ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта полицейлер аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жинап жатыр.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды