Қызылорда облысының екі тұрғыны 200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысының екі тұрғыны 200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы полиция департаментінің және облыстық Арал - Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген рейдтік шара кезінде заңсыз балық аулаған 43 және 36 жастағы екі аудан тұрғыны ұсталды.

Атап айтқанда, олар Арал ауданы Арал теңізінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы 178 келі торта және 17 келі көксерке балығын заңсыз аулаған.

Айғақ заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды