Атырауда автокөлік контрабандасымен айналысқан күдікті ұсталды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Атырауда автокөлік контрабандасымен айналысқан деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту барысында жалған автокөлік мемлекеттік белгілері, автокөлікті сатып алу-сату келісім шарттары, сенімхаттар, Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктің төлқұжаты, азаматтық тұлғалардың жеке куәліктері, тауарға арналған декларация, Iphone 13 ұялы телефоны және түбіртектер табылып, тәркіленді. 


"Аталған дерек бойынша ҚК-тің 385-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды