Астаналық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның екі азаматын ұстады

Сурет: polisia.kz
Елордалық полицейлер ТМД елдерімен бірлесіп 2023 жылғы 15-16 наурыз аралығында кең ауқымды "Іздестіру" операциясын өткізді. Іс-шараның бірінші күні Астана аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылды.

Мысалы, полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматын анықтады. Самарқан қаласында ол ер адамның 1,4 млн сом ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, оны жұмысқа орналастыруға уәде берген.

Сонымен қатар мемлекетаралық іздеуде жүрген 23 жастағы өзбекстандық әйел анықталды. Ол құда түсіп, 21 жастағы қызды үйінен алып кетіп, бопсалау арқылы туыстарынан ақша талап еткен. Қазіргі уақытта екі кінәлі тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды