Түркістан облысында заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіленді

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Түркістан облысы тұрғынының көлігінен салмағы 160 келі болатын 3 қап заңсыз ауланған балық табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмәнді Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеріп, көліктің жүк салғышын қарағанда заңсыз ауланған 3 қап балық анықталды. Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі болатын түрлі балық тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды