Теміртауда пәтерлердің бірінен екі жасар баланың мәйіті табылды: күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталып, кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды.

"Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды", –  делінген хабарламада 

Ведомсвто өкілдері қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті.


2023 жылғы 23 наурызда Теміртауда пәтерлердің бірінен кішкентай баланың өлі денесі табылды. 24 наурыз күні облыстық полиция күдіктінің жеке басы анықталып, оған іздеу жарияланғанын хабарлады.

Баланы анасымен бірге тұратын 24 жастағы жігіт өлтірді деп күдіктелген еді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды