Түркістанда жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыз жаппай іздестіріліп жатыр

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Түркістан қаласында жоғалған жасөсіпірім қызды іздеуге тәжірибелі полицейлер тобы жұмылдырылды. Учаскелік инспекторлар ойын-сауық орындары мен саябақтарды тексеруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан қаласының тұрғыны полицияға кәмелет жасына толмаған қызының (2012 жылғы) 25 наурызда сағат 17:00 шамасында үйден ойнауға шығып, қайтып оралмағанын хабарлап, көмекке жүгінді. 

Кәмелетке толмаған қыз туралы ақпарат пен суреті барлық полиция бөлімдеріне жіберілді.

Полицейлер жасөспірімнің баруы мүмкін жерлерді мұқият тексеріп, оның таныстарымен сөйлесті.

Учаскелік инспекторлар ойын-сауық орындары мен саябақтарды тексеруде.

Жоғалған 2012 жылғы Інжудің бойы - 130-135 см, шашы - ұзын қара-қоңыр түсті. Үстінде жейде, қара джинсы шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болған.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Іздеу жарияланған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлері арқылы немесе 102 арнасына хабарласу сұралады.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды