Роза Рымбаеваның әрекеті желі қолданушыларын сүйсіндірді

Сурет: видеодан скриншот
Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева мен інісі Мәди түскен видеоны жариялады. Видеоға түсірілген сәт қазақстандықтарды тәнті етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан Роза Рымбаеваның Әлимен бірге түскен портретін қабырғадан алып жатқанын көруге болады. Оның орнына Қазақстан халық әртісі тұңғыш немересі - Зейінмен бірге түскен портретін ілуді өтінеді.

"Жекпе-жек басталмай жатып жеңіліп қалдым. Немереге қарсы еш мүмкіндік жоқ. Тым болмаса, менің портретімді лақтырмаңдар, алып кетемін. P.S. Мәди сатқын", - деп әзілдеп жазды Әли Оқапов видео сипаттамасына.


Мәди Рымбаев бұл жазбаны назардан тыс қалдырмады. 

"Біз енді анамыздың жай ғана әнін әрлеушілерміз...", - деді ол.

Бұған дейін Роза Рымбаева немересінің бесік тойын атап өткенін жазған едік.

Әли Оқапов пен "Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерді. Роза Рымбаеваның әже атанғаны туралы мәлімет 2023 жылдың ақпан айында жарияланған болатын.



Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды