Оралда студенттер алаяққа алданып қалды

Сурет: polisia.kz
Орал тұрғыны бір жылға жуық шағын қаржы несие рәсімдейтін ұйымдар арқылы студенттерді алдап келген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Орал полиция басқармасы Абай криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 31 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Ол делдалдық арқылы студенттерді алдап, несие алуды ұсынған.

Банктерден студенттерге несие алу қиын болғандықтан, жастар күдіктінің ұсынысына бірден келісіп, өздерінің жеке мәліметтерін берген. Салдарынан күдікті оларға несие беріп, қолма-қол ақшаны иемденген. Ал алданған студенттерге жақын арада ақша беруге уәде берген.

Жастар алданғанын түсініп, полицияға жүгінді. Іс бойынша алты адам жәбірленуші деп танылды, бірақ іс жүзінде алаяқтың "құрбандары" көп болуы мүмкін, полицейлер істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгеден астам. Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды