Сағынтаев: Алматыда 55 мың жаңа жұмыс орны ашылды

Жыл басынан бері санағанда

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс орындарын құру және жастар арасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Алматыда жыл басынан бері 55 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрайды. Үшінші тоқсанда орташа айлық жалақы 20%-ға өсіп, 283,7 мың теңгені құрады. 

Жастарды қолдау және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бүгінде 1,4 мың жас жұмысқа орналастырылды. 

Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру шараларымен 38,3 мың жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа – 25 759 адам, уақытша жұмыс орындарына – 10 670 адам (қоғамдық жұмыстарға – 7 986 адам, жастар практикасына – 1 491 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1 193 адам) жұмысқа орналастырылды. Бизнес ашу үшін 1 293 адамға гранттар берілді, 113 адамға микрокредиттер берілді, 1 031 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді. Жұмысқа орналасқандардың 17,1 мыңы әлеуметтік осал топтарға жатады. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 17,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл аз қамтылғандар – 255 адам, 29 жасқа дейінгі жастар – 15 159 адам, мүгедектер - 1602 адам, балалар үйінің тәрбиеленушілері – 13 адам, қандастар – 5 адам, пробация есебінде тұрған адамдар – 27 адам, ұйымның таратылуына байланысты босатылғандар – 46 адам. 

Сонымен қатар, 15,8 мың жас жұмыспен қамтуға көмек алды. Бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастарды қолдау мақсатында ағымдағы жылы Жастар практикасы бойынша төлемді жергілікті бюджеттен 25 АЕК-тен 35 АЕК-ке дейін немесе 102 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. 

Жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша оларға қажетті еңбек дағдыларын ұсыну және бірінші жұмыс орнына бейімдеу үшін 217 адам жұмысқа орналастырылды.

Алматы Алматы қаласының әкімдігі Бақытжан Сағынтаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: