Әсет Масабаев Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
Талдықорған қаласының әкімі болып Алматы қаласы Медеу ауданын басқарып келген Әсет Масабаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Әсет Масабаев 1985 жылы туған.

Білімі:

Алматы энергетика және байланыс институтының, Экономика және құқық академиясының, Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің түлегі.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциясында» электр жабдықтарының маманы болып бастаған.

2008-2010 жылдары «Нас» ЖШС бас энергетигі, «Алмаз және КЮС» ЖШС техникалық директоры болған.

2010-2013 жылдар аралығында жетекші маман міндетін атқарушыдан Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергиямен, жылумен жабдықтау бөлімінің бастығына дейінгі жолдан өтті.

Әр жылдары Жетісу және Медеу аудандары әкімінің орынбасары, Алматы әкімінің бас инспекторы, қаланың табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының басшысы, Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты