Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финал жолдамасы үшін Жапония өкілі Кото Гомимен белдесіп, қарсыласына 5:1 есебімен есе жіберді.
Енді Айдос 25 қазанда әлем чемпионатының қола медалі үшін бозкілемге шығады.
Айта кетейік, бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript