Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2026 18:34 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Жапония өкілі Йошиносукэ Аоягимен кездесті.

Нәтижесінде қазақстандық еркін күрес шебері қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалына шықты. Алтын медаль үшін өтетін белдесуде оның қарсыласы ресейлік Иналбек Шериев болмақ.

Финалдық белдесу ертең, 1 қарашада өтеді. Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасы үшін биылғы әлем біріншілігіндегі алғашқы финал.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: