Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі

Астанадағы әлем чемпионаты: балуан Нұрқожа Қайпанов ширек финалға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2026 15:33 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинмен кездесті.

Нәтижесінде қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын, 11:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалдық белдесулер бүгін Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Дәулетбеков (92 келі) ширек финалда Грузия балуаны Мириани Майсурадзеге жол берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: