Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионатының алтын медалі үшін күреседі

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионатының алтын медалі үшін күреседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2025 15:53 Сурет: olympic.kz
Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Нұрқожа жартылай финалда ирандық Мохаммад Реза Шакериді 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, финалдық белдесулер Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: