Еркін күрестен Азия чемпионатында Нұрқожа Қайпанов күміс медаль еншіледі

Еркін күрестен Азия чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2022 17:20 Сурет: olympic.kz
Солтүстік Қазақстан облысы еркін күрес мектебінің өкілі Нұрқожа Қайпанов шешуші жекпе-жекте қарсыласына жол беріп, Моңғолияда өткен Азия чемпионатының күміс медалін еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық бәсекеде әлемнің вице-чемпионы Нұрқожа Қайпанов (74 келі) Иран балуаны Йонас Алиакбар Эмамичогайеядан 2:5 есебімен ұтылып қалды.

Бұл "күміс" Азия чемпионатында еркін күрестен Қазақстан құрамасы ұтқан бесінші медаль болды.

Алда әлі екі салмақ дәрежесінде Қазақстан "алтынға" үміт артады:

Финал (86 келіге дейін): Азамат Дәулетбеков - Дипак Пуния (Үндістан).

Финал (125 келіге дейін): Әлішер Ерғали - Йадоллах Мохаммадказем Мохеби (Иран).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: