Еркін күрестен Азия чемпионатында үш спортшымыз «алтынға» үміт артып отыр

Финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2022 13:31 Сурет: Instagram/kazakhstan__wrestling
Моңғолияда еркін күрестен Азия чемпионаты өз жалғастығын табуда. Бүгін кілемге 61, 74, 86, 92, 125 келіге дейінгі балуандар шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңғы сессияның қортыныдысы бойынша үш қазақстандық финалға жолдама алды.

Финал (74 келі): Нұрқожа Қайпанов - Йонес Алиакбар Эмамичогаей (Иран).

Финал (86 келіге дейін): Азамат Дәулетбеков - Дипак Пуния (Үндістан).

Финал (125 келіге дейін): Әлішер Ерғали - Йадоллах Мохаммадказем Мохеби (Иран).

Сондай-ақ екі жерлесіміз турнирдің қола жүлдесі үшін таласады. Акбар Құрбанов (61 келіге дейін) Әлібек Әлібеговпен (Бахрейн) кездеседі. Ал Әділет Дауланбаев (92 келіге дейін) жапондық Такума Отсуға қарсы шығады.

Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: