Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2025 21:50 Сурет: olympic.kz
Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Нұрқожа өткен жылы олимпиадалық емес салмақта (70 келі) әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: