Алматы облысында қант тапшылығы жоқ – әкімдік

Сурет: Facebook/Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысының әкімдігі өңірде қант тапшылығы жоқ екенін айтып, жұртты дүрлікпеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларының қоймаларында қант қоры жеткілікті және аймақта бұл өнімнің тапшылығы жоқ. Қазір елдегі жағдайға байланысты қате ақпараттарға сүйеніп, дүрлікпеуді сұраймыз. Тәтті өнімнің бағасын тұрақтандыру үшін алдағы күндері тағы 20 тонна қант әкелінеді. Баға белгіленген шекті нормадан аспайды. Бұл мәселе Алматы облысы әкімдігінің ерекше бақылауында және күнделікті мониторинг жүргізілуде. Алматы облысының әкімдігі

Облыс әкімдігі жағдайды пайдаланып, бағаны шектен тыс өсірген сатушылар жауапқа тартылатынын нақтылады.

Сонымен қатар, кеше Ауыл шаруашылығы министрлігі және Сауда және интеграция министрлігі елде қант тапшылығы жоқ екенін хабарлаған. Ақпаратқа сүйенсек сауда желілері мен тұрақтандыру қорларындағы қант қоры кемі үш айға жетеді. Қант өндірісі жалғасып жатыр, ол тоқтамайды. Қор толтырылып отырады. Яғни, үш айдан кейін қорлар таусылып, қант тапшылығы болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді