Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі

Школа, школы, школьный кабинет, школьные кабинеты, класс, классы, школьные занятия, уроки , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 10:21 Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрлігі балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 4 қарашадағы мәліметінше, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл ретте балаларға төнетін қауіп-қатерді анықтауға, кәмелетке толмағандарға көмек көрсетуге және олардың құқықтарының бұзылуына дер кезінде ден қоюға ерекше назар аударылады.

"Жаңа тәсілдерді пилоттық режимде енгізу аясында педагогтердің кәсіби қызметін бағалау жүйесіне балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді дер кезінде анықтау көрсеткішін енгізу көзделген", – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Ведомство мәліметінше, қазірдің өзінде Қазақстанда балаларға қатысты құқық бұзушылықтар саны 3,7%-ға азайған. Сонымен қатар бұған дейін кәмелетке толмағандардың қатысуымен резонанс тудырған оқиғалар болған немесе профилактикалық жұмысты ұйымдастыруда кемшіліктер анықталған өңірлерге ерекше назар аударылып отыр.

"Атап айтқанда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Жетісу облысында мониторинг жүргізілді. Оның нәтижелері білім беру ұйымдары деңгейінде балаларды қорғаудың қолданыстағы тетіктерін іс жүзінде күшейту қажеттігін көрсетті", – деп толықтырды ведомство өкілдері.

Оқу-ағарту министрлігі Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында оң динамика байқалғанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: