Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада ауыл әкімі қошқарды 50 рет көтерді

Сурет: Instagram.com/nurboldosymbaev
Алматы облысындағы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрбол Досымбаев Наурыз мейрамында 40 келілік қошқарды 50 рет көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мұндай әрекеттен кейін жігіттер жарысқа белсенді түрде қатыса бастаған.

Үстіндегі ақ жейдесі мен костюміне қарамастан, әкім сайысқа білек түре кірісіп кетті.

Айта кетерлігі, 34 жастағы Нұрбол Досымбаев жалпыхалықтық дауыс беру арқылы әкім болып сайланды. Ол мереке өткен Талдыбұлақ ауылында туып-өскен.

Шенеуніктің бұл әрекетін ықыласпен қабылдаған пікір қалдырушылар «Жас әкім деген осындай болады» деп жазып жатты.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды