11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Заморозки, первый снег, осень в горах, похолодание, туман, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 14:55 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 27 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде солтүстік және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Елдің солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.

Республика бойынша тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерде жел күшейеді. Ал оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Түнде ауа температурасы -2...-11°С дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін өңірлер:

  • - Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстары;
  • - Түркістан облысының батысы мен солтүстігі;
  • - Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығы.

Өрт қаупі жоғары болатын аумақтар:

  • - Маңғыстау облысы;
  • - Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, батысы, оңтүстігі мен шығысы;
  • - Ақтөбе облысының шығысы;
  • - Қызылорда облысының солтүстігі;
  • - Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы;
  • - Қостанай облысының оңтүстігі;
  • - Жетісу облысының оңтүстігі;
  • - Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен шығысы;
  • - Түркістан облысының батысы, солтүстігі, орталығы және тау бөктеріндегі аудандары.

Төтенше өрт қаупі болжанатын аумақтар:

  • - Қызылорда және Атырау облыстары;
  • - Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығы;
  • - Қарағанды облысының батысы;
  • - Маңғыстау облысының орталығы;
  • - Ұлытау облысының батысы мен орталығы;
  • - Жетісу облысының шығысы.

Бұған дейін "Қазгидромет" Алматы, Астана және еліміздің тағы бірнеше қаласының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ескерту жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: