Алматыда Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы лауазымына Алин Санжар Меңдібайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санжар Алин 1984 жылы 30 тамызда Алматы қаласында туған.

Білімі:

2007 жылы халықаралық маркетинг мамандығы бойынша «Regents Business College» бітіріп, 2009 жылы «The University of Winchestetr» іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған, 2015 жылы Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын «Қазақстан телекоммуникациялары» ЖАҚ-да («Кателко Плюс») клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, техникалық кеңесші лауазымынан бастаған.

2006 жылы «Bang and Olufsen» компаниясының халықаралық өкілдігінде маркетинг бойынша менеджер лауазымын атқарды, кейіннен Өңірлік даму жөніндегі директор лауазымына ауыстырылды.

2010 жылы «Asia Capital басқарушы компаниясы» АҚ-ның активтерді басқару бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2011 жылы электораудитпен, энергия үнемдеу жүйелерін жобалаумен және енгізумен айналысатын «Friendy Energy» ЖШС-ның негізін қалады.

2014 жылдың желтоқсан айынан бері «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде («Қазақстан Инжиниринг ұлттық Компаниясы» АҚ) кеңесші қызметін атқарған, қорғаныс-өнеркәсіп кешені жобаларының келешегіне баға жүргізді, сондай-ақ әскери және екі мақсаттағы өнімдерді өндіру бойынша бағыттарды дамытуды жүзеге асырды.

2016 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мамандандырылған еншілес компаниясы «Теңіз Сервис» ЖШС-ның Атырау филиалының директоры болып тағайындалды. «ТеңізШеврОйл» (ТШО) тапсырысы бойынша жүк тасымалдау маршрутын салудың МаТраГ жобасы жөнінде FGP (болашақ кеңейту) жобасы жұмыс тобына басшылық етті.

2017 жылы «GoodWiil Partners» ЖШС Бас директорының міндетін атқарды және бизнесті басқару, энергия тиімділігін арттыру саласындағы консалтингке, ТКШ саласындағы жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге маманданды.

2019-2020 жылдар аралығында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының энергия тиімділігі және энергия үнемдеуді арттыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: