Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Машина, машины, авто, автомобиль, автомобили, дорога, дороги, транспортное движение, дорожное движение, дорожный трафик, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 10:45 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 28 қазанда Көлік министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен Қазақстанның автомобиль жолдарында жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жеке тұлғалар Қазақстан аумағына жеке пайдалануы үшін әкелетін автокөліктерді ел аумағында пайдалануға шығаруға қатысты талаптар толықтырылды.

Оған сәйкес, мұндай көліктер мына талаптарға сай болуы керек:

  • экологиялық класы 5 немесе одан жоғары болуы;
  • көлік құралы шығарылған күннен бастап бес жылдан аспауы керек.

Аталған талаптар республиканың автомобиль жолдарында жүруге арналған автокөлік және мотокөлік құралдарының, сондай-ақ оларға тіркемелердің жекелеген түрлерінің тізбесіне сәйкес әкелінетін көліктерге қолданылады.

Бұйрық 2026 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: