Өрт қауіпсіздігі аудиті бойынша сараптамалық ұйымға қойылатын талаптар
Сурет: pixabay
2025 жылғы 6 тамыздағы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен сараптамалық ұйымдарға қойылатын рұқсат беру талаптарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізуге арналған сараптамалық ұйымға келесі рұқсат беру талаптары қойылады:
- штатында мына талаптардың біріне сай келетін кемінде үш маманның болуы:
- "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары білімі бар;
- басқа жоғары білімі бар және мемлекеттік және (немесе) кәсіби өртке қарсы қызметтерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету функцияларын тікелей орындаумен кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар;
- сараптамалық ұйымға меншік құқығы немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жайдың (кеңсенің) болуы.
Бұйрық 2025 жылғы 22 тамыздан бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript