Инватакси және автобуста балалар арбасын тасымалдау: қандай талаптар сақталуы керек

Инватакси, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 14:25 Фото: gov.kz
Көлік министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 15 қыркүйектегі бұйрығымен мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау қызметтерін көрсету қағидаларына (инватакси) өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтқанда, инватакси қызметі Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген медициналық көрсетілімдер тізбесіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен балаларға көрсетіледі.

Жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тізбені кеңейтуге, сондай-ақ инватакси қызметіне қарастырылған сағаттар немесе сапарлар санын көбейтуге рұқсат етіледі.

Инватакси қызметін алуға медициналық көрсетілімі бар мүгедектігі бар адамды немесе баланы сапар кезінде бір адам алып жүре алады.

Мүгедектігі бар адамды мына жағдайларда инватаксимен тасымалдауға қасында бірге жүретін адам болғанда ғана рұқсат етіледі:

  • арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланғанның өзінде өздігінен жүріп-тұра алмаса;
  • мүгедектігі бар баланы заңды өкілі алып жүрсе;
  • 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамды жеке көмекшісі немесе заңды өкілі алып жүрсе.
  • Мүгедектігі бар адаммен бірге оның 14 жасқа толмаған баласын да тасымалдауға рұқсат етіледі.

Инватакси қызметін алуға медициналық көрсетілімі жоқ және бірге алып жүретін адам болып саналмайтын бөгде тұлғаларды тасымалдауға тыйым салынады.

Инватакси қызметін алу туралы өтініш Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берілген жағдайда, мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі бірге алып жүретін адамның қажет не қажет емес екенін жергілікті атқарушы органға хабарлайды.

Ал қызмет мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетілсе, мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі бірге алып жүретін адамға қажеттілік бар-жоғын инватакси қызметін көрсететін ұйымға хабарлауы тиіс.

Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау қызметі елді мекен аумағында дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қолданыстағы қорытындысы негізінде көрсетіледі.

Инватакси қызметіне қарастырылған сағаттар немесе сапарлар санын жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Мүгедектігі бар адамды басқа санатқа ауыстыру цифрлық жүйелерден тиісті мәлімет түскен немесе өтініш берілген айдан кейінгі айдан бастап жүзеге асырылады.

Инватакси қызметін көрсету мына жағдайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады:

  • мүгедектік тобы өзгерсе;
  • тұрақты тіркелген жері ауысса;
  • мүгедектігі бар адам Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кетсе немесе қайтыс болса.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына бірқатар нақтылау енгізілді.

Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты автомобиль бағыттарында жолаушыға автобус немесе шағын автобус салонында көлемі 60×40×20 сантиметрден, салмағы 20 келіден аспайтын бір қол жүгін тегін алып жүруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ мүгедектер арбасын, қапқа салынған бір жұп шаңғыны, балалар арбасын немесе шананы тегін тасымалдауға болады. Балалар арбасы мен шананы тек автобуста алып жүруге рұқсат етіледі.

Автобус салоны жолаушыларға лық толған жағдайда балалар арбасын жиналған күйінде алып жүруге болады. Бұл ретте ата-анаға бос орын болуы және арба жолаушылардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтірмеуі керек.

Бұйрық 2026 жылғы 29 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: