Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары өзгерді
Фото: Zakon.kz
Атап айтқанда, қағидаларда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды рәсімдейтіні нақтыланды.
Құжатқа көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды. Ол бір жұмыс күні ішінде қызмет алушының "жеке кабинеті" немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жолданады.
Тұрғын үй көмегін қызмет алушыға төлеуді көрсетілетін қызметті беруші жергілікті өкілді органдар белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Қаражат:
- екінші деңгейдегі банктер;
- қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар;
"Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы төленеді.
Сонымен қатар "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі жаңа редакцияда жазылды.
Мемлекеттік қызметті мына ұйымдар тегін көрсетеді:
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
- "цифрлық үкімет" веб-порталы.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі – алты жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
- отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
- жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
- балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға төленетін алименттер туралы мәліметтер;
- банк шотының деректемелері;
- тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
- коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
- телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмесі;
- жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған баспананы пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері көрсетілген шот.
"Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттар ұсынылады:
- қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
- отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
- жұмыс орнынан берілген анықтаманың немесе жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
- балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға төленетін алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
- банк шотының электрондық көшірмесі;
- тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
- коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
- телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың электрондық көшірмесі;
- жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған баспананы пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері көрсетілген шоттың электрондық көшірмесі.
Сонымен қатар ағза функцияларының тұрақты бұзылуына байланысты тіршілік әрекеті шектелген азаматтар үшін қажет болған жағдайда құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып қабылдайды.
Ол үшін 1414 немесе 8 800 080 7777 нөмірлері арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:
- субсидиялауға байланысты мемлекеттік немесе әлеуметтік маңызы бар қызметтерді алу үшін, сондай-ақ қызмет алушыларды конкурстық іріктеу рәсімдері арқылы не белгіленген лимиттер шегінде көрсетілетін қызметтерді алу мақсатында ұсынылған құжаттардың немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
- қызмет алушының немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- қызмет алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
- қызмет алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
Бұйрық 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.