Шымкент қаласының әкімі І-тоқсанды қорытындылап, есеп берді

Есеп беру Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, өңір әкімдерінің тұрғындармен тоқсан сайын кездесуі тапсырылған. Осы мақсатта бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Бахадүр Нарымбетов жүргізіп, оған депутаттар мен басқарма басшылары қатысты.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

34 елдімекеннен тұратын Абай ауданының кездесуге 15 елдімекені, атап айтқанда Жаңаталап, Қызылжар, Алтынтөбе, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жайлау, Ақниет, Ынтымық, Ынтымақ-2, Тұрлан, Жаңа Тұрлан, Ақниет, Қорғасын-1,2 Жиделі тұрғын алабынан 400-ге жуық тұрғыны келді.

Қала әкімі 1-тоқсанды қорытындылап, қаланың даму көрсеткішін баяндап, елдімекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа жылдан бері Әйтенов мегаполистегі барлық 72 елдімекенді аралап, онда 374 мәселе көтерілгенін жеткізді. Әрбіріне жеке хаттамалық тапсырма жазылып, орындалуы қатаң бақылауда болды. Нәтижесінде бүгінге дейін 78 мәселе шешілді, 249-ы жыл соңына дейін шешіледі, 47 мәселе 2023-2025 жылдары шешімін табады.

Аралаудан бөлек, ай сайын аудан белсенділерімен әкімдік ғимаратында қабылдаулар өтті. Онда атқарылған жұмыстар нәтижесі баяндалып, белсенділермен мақұлданып отырды.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ашық диалог арқылы мемлекеттік орган мен халық арасындағы байланыс нығайып, қаланың өркендеуінде үш жақты жауапкершілік орнағанын айтқан Әйтенов алда бұл жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Кездесу тұрғындар сауалына жауап берумен ұласты.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент
Әйтенов Мұрат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды