Қазақстан халқына Жолдауында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орталығы Семей болып табылатын Абай облысы құрылатынын жариялады.
Әкімшілік-аумақтық құрылымын ескере отырып, облыстық мәслихат депутаттары орталығы Ақсуат ауылы болатын Ақсуат ауданының, орталығы Ақжар ауылы болатын Тарбағатай ауданының құрылуына бірауыздан дауыс берді. Сондай-ақ орталығы Самар ауылы болатын Самар ауданы және орталығы Көкпекті ауылы болатын Көкпекті ауданы құрылады.
Осылайша Абай облысына екі қала - Семей мен Курчатов және Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары кіреді. Халық саны - 638,3 мың, көлемі - 185,5 мың шаршы шақырым. ШҚО құрамына Өскемен және Риддер қалалары, сондай-ақ Глубоков, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаихиа, Алтай аудандары кіреді. Өңірдің ауданы - 97,8 мың шаршы шақырым, халқы - 717,6 мың адам.
Соңғы жылдары Семейдің дамуына үлкен қаражат (республикалық бюджеттен 250 млрд теңге және облыстық бюджеттен 153 млрд теңге) салынғанын атап өткім келеді. Тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуналдық және жол-көлік инфрақұрылымы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Облыс әкімі Даниал Ахметов
Әкімнің айтуынша, өзекті экологиялық мәселені шешкен дюкерді жөндеу, елдегі алғашқы Радионуклидтік терапия бөлімшесі бар ядролық медицина орталығын іске қосу, Қарағайлы жаңа шағын ауданын, көп бейінді спорттық-мәдени кешенін салу және тағы басқалары табысты мысал бола алады.
Семейді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруға 260 млрд теңге қарастырылған, алдағы төрт жылға бірқатар ірі және маңызды жобаларға ЖСҚ дайын. Абай облысының құрамына екі ірі кәсіпорын кіреді: Ақтоғай және Бақыршық. Мен Семей Қазақстанның мәдени-тарихи орталығы мәртебесін сақтап қана қоймай, бүкіл облыс табысты дамитынына сенімдімін. Облыс әкімі Даниал Ахметов