Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Бублик тамаша ойын көрсетіп, Almaty Open финалына шығу үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 23:56 Сурет: ktf.kz
2026 жылғы 23 қазан кешінде Almaty Open-2026 халықаралық теннис турнирінің жартылай финалына шыққан барлық ойыншы анықталды. Олардың қатарында қазақстандық Александр Бублик те бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы турнирдің ширек финалындағы үшінші матчта бірінші ракеткамен тіркелген Даниил Медведев кортқа шықты. Ресейлік теннисші франциялық Теренс Атманды 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Одан кейін жартылай финалға берілетін соңғы жолдаманы ресейлік Карен Хачанов пен Александр Бублик сарапқа салды.

Тең дәрежедегі қарсыластардың тартысты ойыны матчтың соңғы сәтіне дейін "Алматы Арена" кешенін лық толтырған жанкүйерлерді толқытты.

Бір брейк жасаған Хачанов алғашқы сетте 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сет тай-брейкке ұласып, онда қазақстандық теннисші 7:6(7:5) есебімен жеңіске жетті.

Шешуші сетте де ойын барысы қайталанып, Бублик тағы да 7:6(7:5) есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы тартысты кездесуде жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

24 қазанда жартылай финалда Александр Бублик Даниил Медведевпен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: