36 мың ит пен 8 мың мысық. Алматыда құтыруға қарсы вакциналау науқаны жүріп жатыр

Сурет: pixabay
Биыл Алматыда құтыруға қарсы 36 мың ит пен 8 мың мысыққа вакцина салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ эхинококкоздың алдын алу шеңберінде 44 мың үй жануарын гельминтсіздендіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Үй иттері мен мысықтарын тегін чиптеу бағдарламасы қайтадан іске қосылды. 2022 жылы қаланың 15 000 жануарын қамту жоспарланып отыр.

Жануар және оның иесі туралы барлық ақпарат "Pet Control" қалалық деректер базасына енгізіледі, онда бүгінгі күні 136 246 үй жануарлары тіркелген.

"Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы" Заңға сәйкес, аса қауіпті жұқпалы аурулары және агрессия белгілері бар жануарларды қоспағанда, ауланған қаңғыбас жануарларды өлтіруге тыйым салынады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады