Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Емтихан, Оңтүстік Корея, білім министрі, ЖИИ, көшіру, дау, отставка , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2026 14:34 Сурет: Zakon.kz
Оңтүстік Кореяда емтихан кезінде жасанды интеллектіні пайдалану, көшіру дерегіне байланысты дау бұрқ етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Кореяның білім министрі Чхве Кё Джин емтиханда жасанды интеллектіні пайдаланып, көшіру дауына байланысты қызметінен кетті. Ел президенті Ли Чжэ Мён министрдің отставкасы туралы өтінішін қабыл алды.

Бұған салық есепшісі мамандығына арналған ұлттық емтиханда ең жоғары нәтиже көрсеткен абитуриент түрткі болған. Ол емтихан кезінде көшіру үшін шағын камера мен смартфон пайдаланғанын айтқан. Оқиға елдегі жоғары оқу орындарына түсуге арналған ең маңызды емтихан – "Сунын" тестіне аз уақыт қалғанда болған. Бұл туралы The Guardian басылымы жазады.

Осы даудан кейін билік қауіпсіздік шараларын шұғыл түрде күшейтті. Емтихан орталықтарында жалпыға қолжетімді Wi-Fi желісі өшіріліп, абитурриенттерден электронды құрылғыларын тапсыру талап етілді. Сондай-ақ көзілдірік, сағат, жағалар, жеңдер мен түймелер жасырын камералардың бар-жоғына тексеріле бастады.

Бұдан бөлек, үкімет азаматтардың телефондарына дыбысы барынша қатты шығатын шұғыл хабарламалар жіберген. Осылайша емтихан алдында тапсырылмай қалған электронды құрылғыларды анықтау көзделген.

Тексеру нәтижесінде электронды құрылғыларды пайдалану ережелерін бұзудың 111 дерегі анықталды. Олардың жартысына жуығы шұғыл хабарламалар арқылы әшкереленген.

Министрдің аталған жағдайға қатысты кеш әрекет етуі қоғам тарапынан сынға ұшырады. Чхве Кё Джин биліктің тиісті деңгейде дайындалмағанын да мойындады.

Ақыры министр жауапкершілікті толық мойнына алатынын айтып, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Оңтүстік Корея оқушылары үшін "Сунын" емтиханы өте маңызды. Себебі оның нәтижесі университетке түсу-түспеу мүмкіндігіне тікелей әсер етеді. Емтихан кезінде елде, тіпті әуе рейстерінің кестесі өзгертіліп, көлік қозғалысы шектеледі және қор биржасының ашылу уақыты кейінге шегеріледі.

Бұған дейін Үндістанда әйелі 7,5 млн теңгеге кісі жалдап, күйеуінің көңілдесін өлтірткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: