Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды
Сурет: Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі
Ұлытау облысында жыл басынан бері өңір аумағындағы жолдарда қасақана дрифт жасаудың 14 дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, мұндай құқықбұзушылықтар, көбіне жас жүргізушілер тарапынан, әсіресе той кортеждері мен мерекелік іс-шаралар кезінде жиі тіркеледі.
"Тәртіп сақшылары барлық 14 факті бойынша құқықбұзушыларды анықтап, көлік жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жүргізушілермен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді". Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін ІІМ қарашаның бірінші онкүндігінде полиция жүргізген соңғы операциялар мен есірткі қылмысына қарсы күрестің қорытындыларын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript