Ақтөбе облысында мемлекеттік рәміздер күніне орай автошеру өтті

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында мерекеге орай тақырыптық, мәдени шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізгі салтанатты шара Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдени және демалыс саябағындағы Флагштокта алаңда өтті.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара басталарда саябақта жүрген мыңдаған ақтөбелік Қазақстан гимнімен қатар жалпыреспубликалық акцияға қосылды.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбеліктерді Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Сан ғасырлар бойы бабаларымыз еркін ел болуды аңсап, азаттық жолындағы күресте қаншамасы құрбан болды. Бірде жеңдік, бірде жеңілдік. Жеңіске жетсек ол еліміздің бірлігінің арқасында. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір ауыз сөзге тоқтаған ынтымағының арқасында болды. Жеңіліс тапсақ, ауызбіршіліктің, ұйымшылдықтың жетіспеушілігінің салдары болды. Ол тарихи шындық. Одан біз сабақ алуға тиістіміз. Осыны бәрін ескерсек бiздiң санамызда «бiр тудың астына бiрiгу» ұғымы тектен текке қалыптасқан жоқ. Мемлекеттiк мерекелер мен спорттық жеңiстер секiлдi Отанымыз үшiн маңызды сәттерде рәмiздеріміздің айбыны асқақтайды. Ресми халықаралық шараларда Әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз көкке көтерiлгенде әр қазақстандықтың жүрегiн ерекше мақтаныш сезiмi кернейдi. Біз оларды өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, ашықтық, бейбiтсүйгiштiк, еркiндiк пен келiсiм негiзiнде Мемлекет басшысы айқындаған Жаңа Қазақстанды жүзеге асыратын боламыз. «Туы биік елдің – тұғыры биік» деген дана халқымыз. Азат елдің символы саналатын рәміздерімізді әрқашанда құрметтеп, қастерлей білу – Отан алдындағы ұрпақтардың борышы»,- деді облыс әкімі.

Шара соңында спортшылар ҚР туын ұстап парадқа шығып, көліктер жүріп өтті.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты